10 Желт 2022
Страницы Коммунальное государственное учреждение «Караманская общеобразовательная школа отдела образования Карасуского района» Управления образования акимата Костанайской области

Мемлекеттік қызметтер

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданы білім бөлімінің Қараман жалпы білім беретін мектебі» КММ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Мемлекеттік қызметті 4 мектеп қызметкері көрсетеді.
2023 жылдың 12 айының уақытында мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында «Қарасу ауданы білім бөлімінің Қараман жалпы білім беретін мектебі» КММ келесі қызметтерді көрсетті:
1. Сакура электронды платформасы арқылы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқуға ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау - 24
2. Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру — 0
3. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бара алмайтын балаларға үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыруға құжаттарды қабылдау — 0
4. Бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау — 000
5.Шалғай ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды оқу орындарына және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету — 0
6. Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсаттар беру — 0
7. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлерге және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін, аттестаттау үшін құжаттарды қабылдау — 0

Қызметті алушылармен жұмыс:

Ақпаратқа қол жеткізу орындары: мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы; мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған стандарттарды қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттық стенд; БАҚ: мектеп сайты, мессенджерлер; директормен кездесулер, онда мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты мәселелер талқыланады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелерін нақтылау бойынша іс-шаралар жоспарланып, өткізілуде (сынып сағаттары, оқушылар сауалнамасы, ата-аналар жиналысы).
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жақсарту жөніндегі іс-шаралар.
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қызметкерлердің біліктілігін арттыру
2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мектеп іс қағаздарын жүргізуші А.Д.Кульпеисова мемлекеттік қызметтерді онлайн режимінде көрсету бойынша қызметкерлерді оқыту курстарынан өтті.
2023 жылдың өткен кезеңінде көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түсірмеген.

Назарларыңызға рахмет!



Атауы Жүктеу
1 Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындушылар бойынша жауапты тұлғаларды тағайындау туралы  PDF

Приказ о назначении отвественных исполнителей по оказанию государственнных услуг


Атауы Жүктеу
1 Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындушылар бойынша жауапты тұлғаларды тағайындау туралы  PDF 

УАКО «Қарасу ауданы білім бөлімінің Караман жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2022 жылдың 11 айындағы мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарының қорытындылары туралы.

Білім беру ұйымы 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді.  2022 жылдың 11 айында 29 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2022 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша 1 бақылау іс-шарасы өткізілді. Мониторинг нәтижелері бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

Ағымдағы жылдың 11 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндіру іс-шараларының саны 9 құрады.

Ағымдағы жылдың 11 айында халықты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс – шараларымен қамту-1588 адам.

Аталған кезеңде мемлекеттік қызметтер бойынша дәлелді бас тартулар болған жоқ, бұзушылықтар анықталған жоқ, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша тәртіптік жауапкершілікке ешкім тартылған жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны көрсетілген кезеңде 1 адамды құрады.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданы білім бөлімінің Қараман жалпы білім беретін мектебі» КММ ай сайын халық арасында білім беру саласының қызметтерін электрондық түрде алу мүмкіндіктері, оның ішінде құжаттарды ұсыну мерзімдері, әлеуметтік желілерде ақпаратты орналастыру арқылы қағидаларда көзделген қажетті құжаттар тізбесі туралы кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар